Сұрақ 1/6

Мектептегі жағдайың қалай? Ал сабақтан бөлек — балалармен қалайсың?если не про уроки — как тебе ребята?

Қалай сұраған дұрыс:

жайбарақат, тергеусіз сөйлесу. Өзіңізден мысал келтіруге болады: мектепте не ұнағанын немесе не ұнамағанын айтып беріңіз

Неге назар аудару қажет

Қарау

оң белгілер

Бала еркін сөйлейді, балаларды есімдерімен атайды, достары туралы және балалар арасындағы кикілжіңдер жайлы айта алады.

теріс белгілер

Қысқа жауаптар береді («бәрі дұрыс», «білмеймін»), тақырыптан қашады немесе сыныптағылардың «бәрі жаман» не «ешкім ұнамайды» дейді.

Сұрақ 2/6

Қалай ойлайсың, егер мен сенің сыныбыңда оқысам — маған ол жақ ұнар ма еді?

Қалай сұраған дұрыс:

Ойнақы: мұндай тәсіл баланы босаңсытып, ашылуына мүмкіндік береді.

Неге назар аудару қажет

Қарау

оң белгілер

Бала қиялдайды, сыныпты сипаттап береді, сіздің кімге ұнайтыныңызды немесе ұнамайтыныңызды айтады.

теріс белгілер

Бұл «жаман жер» екенін, «сізге ол жақта қиын болар еді» деп айтады, мән-жайды айтпайды немесе сөзінен шиеленіс байқалады.

Сұрақ 3/6

Егер сендер сыныптарыңмен жануарлар болсаңдар — кім қандай жануар болар еді?

Қалай сұраған дұрыс:

балаңыз жақсы көретін жануарларды атаған дұрыс, мысалы: «Сендер қандай динозавр болар едіңдер?»

Неге назар аудару қажет

Қарау

оң белгілер

Бала «тату», «сабырлы», «түрлі-түсті» жануарлар бейнесін қолданады, олардың арасындағы қарым-қатынас қауіпсіз

теріс белгілер

Бейнелер мен қарым-қатынастарда агрессия көп: «аң аулайды», «ренжітеді», «әлсіздерін жеп қояды», «мықтылар» мен «құрбандарға» нақты бөліну байқалады.

Сұрақ 4/6

Мектептегі ең сүйікті күнің қайсы? Неліктен?

Қалай сұраған дұрыс:

баланың әңгімеге араласуы оңай болуы үшін ата-ана әңгімені өзінен бастай алады, мысалы: «Маған сәрсенбі ұнайды — бұл күні жұмыста бәрі тыныш, бақылау аз, өз қарқыныммен жұмыс істей аламын». Маңызды: баланың жауабын түзетпеу және бағаламау

Неге назар аудару қажет

Қарау

оң белгілер

Бала нақты күнді атайды және оны түсінікті себептермен түсіндіреді: «кешірек тұруға болады», «сабақ аз», «мектептен кейін қызықты бірдеңе болады». Аптаның соңғы оқу күні де баланы қуантуы мүмкін. Аптаның соңғы оқу күні де баланы қуантуы мүмкін.

теріс белгілер

Жауабынан шиеленіс, қашу байқалады немесе нақты балаларға/мұғалімге қатты тәуелділік сезіледі. Күннің жақсы болуы «өйткені аналар жоқ...» «өйткені мына мұғалім нормас / анау жоқ», «барлық күндер жаман» деген себептермен түсіндіріледі.

Вопрос 5/6

Менің білгеніңді қалаймын — не болса да, мен сенің жағыңдамын. Бәрін бірге шешеміз. Келістік пе?

Қалай сұраған дұрыс:

қысқа, мейіріммен. Құшақтап немесе қолынан ұстап айтуға болады. Бір-ақ рет, бірақ сабырмен және нық айтқан жөн.

Неге назар аудару қажет

Қарау

оң белгілер

Бала қабылдайды, қарсыласпайды, тіпті ештеңе айтпауы да мүмкін — бұл қалыпты жағдай.

теріс белгілер

«Сен көмектесе алмайсың», «бұдан бетер нашарлайды» деген сияқты тіркестерді қолданады, ересек адамға деген айқын сенімсіздік байқалады.

Сұрақ 6/6

Келісейік — жолда келе жатқанда кез келген нәрсе туралы айтуға болады, мен ұрыспаймын, жарай ма?

Қалай сұраған дұрыс:

Бұл уәдені шынымен орындау маңызды. Өзіңізден мысал келтіруге болады: бір нәрсені бүлдіріп алған немесе қателік жасаған сәтіңізді айтып беріңіз. Осылайша бала мектепке барар жолдың шынымен қауіпсіз екенін түсінеді.

Неге назар аудару қажет

Қарау

оң белгілер

Бала бірден немесе ашылып айтпаса да, бөлісе бастайды.

теріс белгілер

Тұйықталып қалады, тақырыпты өзгертеді немесе сенімсіздік танытады: «айтқым келмейді», «бәрі дұрыс», «саған сенбеймін, бәрібір ұрсасың», «бәріне тағы да мені кінәлайсың».

Сіз ең маңызды қадамды жасадыңыз — әңгімені бастадыңыз.

Сіз бұл әңгімені кез келген уақытта тыныш ортада жалғастырып, балаңызға көбірек уақыт пен көңіл бөле аласыз.

Маңызды: қажет болса, байқағандарыңызды педагогпен немесе маманмен талқылаңыз.

Мектепке сапарды тоқтату керек пе

Маңызды: қажет болса, байқағандарыңызды педагогпен немесе маманмен талқылаңыз.

Кейде мектепке барудан бас тартып, жоспарды тоқтатудың және баланы не мазалайтыны туралы сөйлесудің маңызы зор.

Қолдау мен кеңес алу

Егер қатты алаңдауға нақты себеп болса, мүмкін, дәл қазір мектепке сапарды тоқтатып, баланың жанында қалу маңыздырақ болар.

Сұрақ 1/5

Бүгін мектепке барғың келе ме?

Қалай сұраған дұрыс:

сабырмен, «дұрыс» жауапты күтпестен. Бірінші жауаптан кейін толықтырып сұрауға болады.

Неге назар аудару қажет

Қарау

оң белгілер

Бала еркін жауап береді және себебін түсіндіреді (тіпті «қаламаймын» десе де, оның себебі бар: шаршады, ерте тұру керек, ұнамайтын сабақ және т.б.)

теріс белгілер

Себебін айтпастан «қаламаймын» дейді, мектепке барудан үнемі бас тартады. Жауабынан шиеленіс, мазасыздық немесе тақырыптан қашу байқалады.

Сұрақ 2/5

Мектепте оқу міндетті болмаса — бәрібір барар ма едің? Онда немен айналысар едің?

Қалай сұраған дұрыс:

қызығушылықпен, қиял ретінде. Ата-ана әңгімені өзінен бастай алады, мысалы: «Мен болсам, жұмысқа тек әріптестеріммен кофе ішіп, ештеңе істемеу үшін барар едім. Керемет болар еді».

Неге назар аудару қажет

Қарау

оң белгілер

Бала қарым-қатынас, достары немесе қандай да бір қызықты істер туралы айтады. Сондай-ақ мектептің тек оқу емес екенін түсініп, бәрібір баратынын айтуы мүмкін.

теріс белгілер

«Мүлдем бармас едім», «ол жақта істейтін ештеңе жоқ» дейді, адамдар туралы тақырыптан қашады. Қиялында агрессия байқалады.

Сұрақ 3/5

Елестетші, сені үш күнге аралға жіберді делік. Сыныптастарыңның ішінен кімді өзіңмен бірге алар едің? Ал кіммен мүлдем бірге болғың келмес еді?

Қалай сұраған дұрыс:

егер бала қызықпаса, ата-ана әңгімені өзінен бастай алады, мысалы: «Мен өзіммен бірге Әлияны алар едім, өйткені ол дәмді тамақ пісіреді, сонда аш қалмаймыз!».

Неге назар аудару қажет

Қарау

оң белгілер

Бала таңдау жасай алады, себебін түсіндіреді, адамдардың бойынан әртүрлі қасиеттерді байқайды.

теріс белгілер

Сыныптастарын сипаттағанда шиеленіс байқалады, оларды мүлдем қабылдамайды («оны жек көремін», «ол бәрінің мазасын алады»). Сөйлесуден қашады, сұрақты елеусіз қалдырады («ешкімді алмас едім»).

Сұрақ 4/5

Ойланып қалдым... Мектепте кейде балалар біреуді мазақтап немесе орталарына қоспай жатады ғой. Сендерде де сондай жағдайлар бола ма?

Қалай сұраған дұрыс:

бейтарап, ой толғау ретінде, балаға тікелей қатысы жоқ сияқты — жалпы жағдайды талқылағандай.

Неге назар аудару қажет

Қарау

оң белгілер

Бала жағдайды талқылай алады, әртүрлі оқиғаларды сипаттайды, тақырыптан қашпайды.

теріс белгілер

Жауаптан қашады. Немесе қудалау (буллинг) туралы ешқандай эмоциясыз айтады — «Бұл қалыпты жағдай», «солай болуы керек» (бұл жағдайға бой үйретіп кеткенінің белгісі).

Сұрақ 5/5

Есіңде болсын — мен сені әрқашан қолдаймын. Егер бірдеңе бола қалса, бәрін бірге шешеміз, жарай ма?

Қалай сұраған дұрыс:

қысқа әрі сабырмен, қысымсыз. Жауап беруді талап етпеңіз.

Неге назар аудару қажет

Қарау

оң белгілер

Бала сабырмен қабылдайды, басын изеуі немесе «окей» деуі мүмкін.

теріс белгілер

Ересек адамға деген айқын сенімсіздік, сөзді құнсыздандыру байқалады: «Сен көмектесе алмайсың», «бұдан бетер нашарлайды».

Сіз ең маңызды қадамды жасадыңыз — әңгімені бастадыңыз.

Сіз бұл әңгімені кез келген уақытта тыныш ортада жалғастырып, балаңызға көбірек уақыт пен көңіл бөле аласыз.

Маңызды: қажет болса, байқағандарыңызды педагогпен немесе маманмен талқылаңыз.

Мектепке сапарды тоқтату керек пе

Маңызды: қажет болса, байқағандарыңызды педагогпен немесе маманмен талқылаңыз.

Кейде мектепке барудан бас тартып, жоспарды тоқтатудың және баланы не мазалайтыны туралы сөйлесудің маңызы зор.

Қолдау мен кеңес алу

Егер қатты алаңдауға нақты себеп болса, мүмкін, дәл қазір мектепке сапарды тоқтатып, баланың жанында қалу маңыздырақ болар.